Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

23.11.2021 Елордадағы көрмеге тұрмыстық заттар, әшекей бұйымдары, махаббат туралы аңыз қойылды
321

Бейбітшілік және келісім сарайында «Құланшы» қазіргі заман өнер орталығының кураторлар кеңесінің төрағасы Лейла Махат өзінің бірегей көрмесін ұсынды. Экспонаттар көшпелі халықтың тарихынан сыр шертеді. Мұнда жылқының қалай қолға үйретілгені, қазақтардың көшпенді өмір салтының қалай дамығаны, Ұлы Даланың махаббат дастандары, көшпенділердің тұрмыстық заттары мен әшекей бұйымдарының нені білдіретіні туралы деректерді білуге болады.