Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

21.01.2022 Елордада вакцина және ревакцинация шарасы қалай жүріп жатыр
871

Бүгінде астаналықтар коронавирусқа қарсы вакцина алып, сонымен қатар ревакцинациядан өтіп жатыр. Елорда жұрты үшін Vero Cell, QazVac, Спутник V және Спутник лайт вакцинасы қолжетімді. Дәрігерлердің мәлімдеуінше, келушілер көбінесе отандық және қытайлық вакцинаны таңдап жатыр. Сол сияқты жуырда білім беру, денсаулық сақтау және күш құрылымы қызметкерлері үшін қайта вакцинациялау процесі аяқталды. Сонымен қатар елордада 60 жасқа толған егде жандар да екпе алуда. 
Сондай-ақ, мамандар егер сіз векторлық вацина алған болсаңыз, онда ревакцинаға инактивтендірілген екпе алуға кеңес беріп отыр. Және дәрігерлер астаналықтарға қайта вакцина алуға кеңес береді. Себебі олардың айтуынша, ревакцина алған адамда антидене саны көбейе түседі. Ал антидене саны көп болса, ағза вирустан қорғанады.