Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

03.03.2022 Шымкенттік мүсінші тиранозаврдың сүйегі мен темір метеориттен туындылар жасайды
852

Шымкенттік Темірлан Тілес есімді мүсінші жігіт әрбір туындыға қажетті материалдарды әлемнің түрлі елдерінен арнайы алып келеді. Сондай-ақ, мүсіндерге тиранозаврдың сүйегі мен темір метеорит секілді сирек заттарды қолданады. Мәселен, мүсінші «Өмір» атты жұмысында асыл тастарды Индия, Венгрия, Италия сынды елдерден іздеп тапқан. Ал, оның сыртын қаптау үшін Тайландтан жеткізілген қолтырауынның А сұрыпты терісін қолданыпты. Артқы фон ретінде Меккедегі қағбаның 1997 жылы жабуы болған қара матасы пайдаланылған. Бүгінде құнды дүниелерге қызғушылар көп.