Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

01.05.2022 Алматыда Бірлік күні мерекесі тойланып жатыр
1109

Оңтүстік астаналықтар Қазақстан халқының бірлігі күнін тойлап жатыр. Республика сарайының алдында көптеген ұлттардың салт-дәстүріне сай қолөнер туындылары мен ұлттық тамағы, киімдері қойылған отыз бірлестік үйі тігілді. Абай алаңына халық көп жиналды. Көңілдері көтерінкі, бір-бірін құттықтап жатыр. Әрбір ұлт өзінің мәдениетінен сыр шертетін көрме ұсынды. Әнін шырқап, биін биледі. Ынтымағы жарасқан елде тұрып жатқандарын мақтан тұтатындарын таласа айтты. Меркелік шара концерттік бағдарламамен ұласты.