Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

21.06.2022 Нұр-Сұлтанда ІІМ мен Ұлттық Ұланның құрылу тарихына арналған көрме ашылды
1372

Нұр-Сұлтанда ҚР Қарулы күштері Әскери-тарихи музейінің ғимаратында Полиция күні қарсаңында ҚР Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық ұланның құрылу тарихына арналған көрме ашылды. Мұражайдың үшінші қабатында құнды жәдігерлер орналасқан. Көрермендер кеңес дәуірінде бағдаршам, жүргізуші куәліктері, техқұжат қандай болғанын, полиция қызметкерлері қандай таяқ ұстағанын көре алады. Қызықты әдебиет арасында қылмыскерлер жаргондарының сөздігі, Қазақ КСР Азаматтық іс жүргізу кодексі бар. Мұнда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың суреті де орналастырылған. 1999 жылы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр қызметін атқарған кезде жедел басқару орталығының салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан. Кадрларды кәсіби даярлауға және Ұлттық ұланның әскери-патриоттық жұмысына жеке стенд арналған.