Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

30.06.2022 Бурабай өлкесінің жаңа қырлары
674

Бурабайдағы демалыс – бұл тек көлге шомылып, Абылай хан алаңын аралау ғана емес. Бұл өлкеде көпшілік білмейтін талай нысан бар. Курорттық қаланың сыртында да, ішінде де шетелдік және қазақстандық туристерді қызықтыратын жаңа жерлер бар.  
Соңғы жылдары Қазақстан тек қыдырып келу үшін ғана емес, осында қалып өмір сүру үшін де тартымды елге айналып келеді. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің бастамасымен Бурабайда бірқатар қызықты нысандар жұмыс істейді. Олар бұрынғы мен бүгінгінің өзіндік көрінісі іспетті. «Қазақстандық Швейцария» әлі де дүйім жұртты таңғалдырып отыр. Жыл сайын ол таза ауада демалғанды жақсы көретін жандарға жаңа тосын сыйларын дайындап отырады. Бурабайға келушілер бұғыларды тамашалап, пантотерапия алу мүмкіндігі бар.