Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

07.07.2022 Жаяу жолға шыққан 72 жастағы ақсақал елордаға дейін 4 мың шақырым жүріп өтті
703

72 жастағы Сәрсенбай Қотырашов Қазақстанды жаяу аралап жүр. Сапарын «Ұлытауға бардың ба?» деп атап, жолға биыл 31 наурызда шыққан. 
Саяхатшы ақсақал елордаға дейін 4 мың шақырымды жаяу бағындырып отыр. Наурыздан бері Қызылорда, Түркістан, Шымкент, Тараз, Алматы, Қонаев, Талдықорған, Аягөз, Семей, Өскемен, Павлодар, Қарағанды қалаларында болған.
Алда атамызды тағы 4 мың шақырым жол күтіп тұр. Атап айтқанда, елордадан Көкшетау, Петропавл, Қостанай, Ақтөбе, Орал, Атырау, одан әрі Ақтауға жетіп, сонда сапарын аяқтамақ. 
Жолаушы қартты елордада бір топ қолдаушылары күтіп алды. Олар шашу шашып, атаға шапан жауып, одан әрі сапарына сәттілік тіледі.