Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

11.08.2022 Нұр-Сұлтанда спидкубингтен Азия чемпионаты басталды
598

Қазақстанда алғаш рет спидкубингтен Азия чемпионаты өтуде. Спидкуберлер классикалық 3х3 пазлдан бастап, жалпы 17 түр бойынша жарысады. 
Турнирге 13 елден 116 спидкубер келді. Биыл чемпионатқа 18-20 жас аралығындағы жасөспірімдер қатысуда. Турнир 14 тамызға дейін жалғасады. 
Айта кетерлігі, бас жүлде – чемпионат кубогы Бәйтерек түрінде жасалды. Дүниежүзілік скубинг қауымдастығы қатысушыларға жалпы жүлде қорын 9 мың АҚШ долларын бөлді. 
Жарыс кезеңінен бөлек, жоғары жылдамдықпен құрастыру шеберлері чемпионат аясында 3000 рубик текшелерінен әлемге әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген мен қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің портретін құрастырады. 
Бүгінгі күні Қазақстанда кәсіби  куберлер саны 1 мың адамнан асты. 2017 жылы олардың саны небәрі 16 болған. Чемпионаттың бірінші күнінде кубер Даниял Арыстамбектің «Шектеу жоқ. Кішкентай басқатырғыштың үлкен мүмкіндіктері» атты кітабының тұсаукесері өтті. Автор кітапты қиындықты жеңудің жолдарын үйретіп, әр бастамасына қолдау көрсетіп келе жатқан әжесі Зейнекүлге арнады.