Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

12.08.2022 Астанада Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт ашылды
1009

Қазақстан астанасында мұсылман қауымы көптен күткен айтулы оқиға болды. Мұнда әлемнің ең үлкен 10  мешітінің қатарына кіретін үлкен мешіт ашылды. Жаңа мешіттің ашылуына Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. Ғимараттың көлемі расында да таңқаларлықтай. 4 минареттің биіктігі 130 метр, басты күмбездің биіктігі 90 метр.  Мешітке 130 мың адам сияды. Мешіттің кіретін есігі әлемдегі ең үлкен ағаш есіктердің бірі саналады. Ол тропкалық Африкада өсетін қатты ироко ағашынан қолдан жасалған. Есіктің биіктігі 12,40 метр, салмағы 1,5 тонна. Сырты қазақтың ою-өрнектерімен безендірілген. Мешіттің ішіндегі әйнек есіктерінің биіктігі де 12 метр, салмағы 1,5 тонна. Мешіттің астында автобустарға арналған туннель мен 405 көлікке арналған тұрақ бар.