Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

01.09.2022 Оқушылар мен студенттер Білім күнін атап өтті
360

1 қыркүйекте мектеп оқушылары мен колледж, ЖОО студенттері үшін дәстүрлі түрде жаңа оқу жылы басталды. Биыл 400 мыңға жуық бірінші сынып оқушысы мектеп табалдырығын аттап, білім әлеміне қадам басты. 170 мың оқушы үшін биылғы оқу жылы мектеп қабырғасындағы соңғы жыл болмақ. Биыл олар емтихандарға дайындалып, жоғары оқу орындарына түседі. Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов елордалық мектептердің бірінде болып, оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. Министр бұл күн мектеп қабырғасындағы ұмытылмас күндерді еске алатын эмоцияға толы күн екенін атап өтті. Бір сөзбен айтқанда, бұл - тұтас ұрпақты біріктіретін мереке.