Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

14.09.2022 Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII cъезі қалай өтіп жатыр?
421

Бүгін ел астанасындағы Тәуелсіздік сарайында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі өз жұмысын бастады. Шараның негізгі тақырыбы –  «Пандемиядан кейінгі кезеңдегі адамзаттың рухани және әлеуметтік дамуындағы әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының рөлі». Діни форумға Рим Папасы Франциск, Әл-Азһардың жоғарғы имамы шейх Ахмед ат-Тайеб, Израильдің Ашкеназ бас раввині Давид Лау қатысты. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары VII съезінің жұмысы дұға бағыштау үшін бір минут үнсіздіктен басталды. Пленарлық отырысты ашқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан үшін әлемнің ең құрметті рухани көшбасшыларының басын қосып, диалог орнату үлкен мәртебе екенін атап өтті.
Съезд аясында «Дінаралық диалогқа қосқан үлесі үшін Астана халықаралық сыйлығы» мен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің Құрмет медалін тапсыру рәсімі өтті.
Съезге әлемнің 50 елінен 108 делегация, соның ішінде ислам, христиан, буддизм, иудаизм, индуизм, даосизм, зороастризм, синтоизм діндерінің рухани жетекшілері, саясат және қоғам қайраткерлері, халықаралық ұйым, сарапшылар қауымдастығының өкілдері қатысты.