Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

15.09.2022 Рим Папасы Астанада Қасиетті месса өткізді
513

Нұр-Сұлтандағы ЭКСПО аумағында Рим Папасы Францисктің Қасиетті мессасы өтті. Понтификпен кездесуге 7 мыңнан астам адам жиналған. Рим Папасын көріп, мессаға қатысу үшін Ресей, Моңғолия, Германия, Австрия, Өзбекстан және Қырғызстан сияқты көптеген елдерден діндарлар келді. Рим Папасы алаңға көлікпен келіп, жиналған қонақтармен амандасты. Қасиетті мессадан кейін ол Қазақстанның азаматтық және діни билік өкілдеріне алғысын білдірді. Рим Папасы Франциск бейбітшілікті сақтауға, соның ішінде қарулануды шектеуге және әскери шығындарды халық игілігіне жіберуге үндеді.
«Азаматтық және діни билік өкілдеріне тағы да шын жүректен алғыс білдіргім келеді. Орталық Азияның басқа елдерінен және осы шексіз өлкенің қиыр түкпірінен келген бауырлар, баршаңызға сәлем жолдаймын. Қарттар мен науқастарға, балалар мен жастарға шын жүректен батамды бердім», - деді Рим Папасы Франциск жиналғандарға.