Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

15.09.2022 Рим Папасы Франциск Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
518

13 қыркүйек күні Рим Папасы Франциск Қазақстанға келді. Бұл – Қазақстан үшін ерекше оқиға. Понтификті елорда әуежайында Мемлекет басшысы қарсы алды. Қазақстан Президенті мәртебелі мейманға Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне қатысуға шақыруды қабыл алғаны үшін алғысын білдірді. Съезде Рим Папасы домбыра туралы сөз сөйлеп, Абайдың қара сөздерінен үзінді келтіргені баспасөз бен қазақстандықтарды таң қалдырды. Ол көпшілікті бейбітшілік, төзімділікке шақырып, ұлы ойшылдың сөзіне құлақ асу керектігін қайта-қайта айтты. Понтификтің сапарының  ерекше қызықты бөлігі – 7 мыңнан астам адамның басын қосқан Қасиетті месса болды. Көптеген адамдар үшін бұл Рим Папасының қатысуымен өткен алғашқы Қасиетті месса болған. Олар бұл айтулы шараны елімізде өткізді. Съездің қорытынды күнінде Рим Папасы Франциск қазақстандықтарды болашақтың үлгісіне теңеді. Понтифик бұл мысал бізді трансценденттік пен бауырмалдықты ұмытпай, Алла Тағалаға құлшылық етіп, өзгені қабылдау, болашақты құруға шақыратынын атап өтті