Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

24.09.2022 Димаштың Алматыдағы алғашқы концерті аншлагпен өтті
622

Алматыда Димаш Құдайбергеннің «STRANGER» атты жеке концерті өтті. Бұл Димаштың Алматыда өткізген алғашқы концерті.
Концертте Димаш Құдайберген бұрыннан айтып жүрген әндерімен қатар, жаңа туындыларды да орындады.
Сонымен қатар Димаш туған інісі Әбілмансұр Құдайбергеннің сөзіне жазылған әнді сахнаға алып шықты. Концертте халықаралық бишілер ұжымы, Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі мен «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі өнерлерін ортаға салды. Шоуға жиналған халық Димашпен бірлесе әндер орындады. Концертте сондай-ақ қобыз, домбыраның тарихынан сыр шертетін бейне роликтер көрсетілді. Шоу барысында Димашты өзінің бэнд-тобы сүйемелдеді. Толығырақ төмендегі материалдан оқып көруге болады https://www.inform.kz/kz/dimashtyn-almatydagy-koncerti-anshlagpen-otti_a3982773