Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

30.09.2022 Түркияда Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтті
422

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары алғаш рет Түркияда өтті, оған әлемнің 102 мемлекетінен 3 мыңнан астам спортшы 13 спорт түрінен қатысты. Қазақстан спортшылары спорттың 5 түрінен (қазақ күресі, көкпар, көкбөрі, жамбы ату, садақ ату) өнер көрсетті.
Сонымен, қазақ күресінен ҚР құрамасы қоржынында 6 медаль бар: Марат Нығматуллаев 60 келіге дейінгі салмақта жеңімпаз атанды. Сондай-ақ 65 келіге дейінгі санаттағы «алтынды» Зарина Сарипова жеңіп алды. Еламан Қойшыбаев (80кг) пен Рауза Нұрмұхамметова (55 кг) – күміс, ал «Қазақстан барысы» Мақсат Исағабылов (+80 кг) пен Мөлдір Азамат (+65 кг) қола жүлдегер атанды.
Қасымхан Қанат дәстүрлі садақ атудан күміс жүлдеге ие болды.
Көкбөріден  Қазақстан спортшылары күміс жүлдеге қол жеткізді.
Қазақстан құрамасы көкпардан чемпион атанды.