Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

21.11.2022 Қазақстандықтар Президент сайлауында өз таңдауын жасады
0

2022 жылғы 20 қараша – қазақстандықтар үшін айтулы күн. Бұл күні елде  кезектен тыс президент сайлауы өтті.
Президенттікке алты үміткер бар. Еліміздегі сайлау учаскелерінде дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өтті. Бұл ретте 86 сайлау учаскесінде дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де басталған. 53 елде 10 101 сайлау учаскесі іске қосылып, 68 сайлау учаскесі құрылды. Сайлаушылар тізіміне 11 950 485 азамат енгізілген.
Көптеген азаматтар үшін сайлау маңызды саяси оқиға ғана емес, нағыз мерекеге айналды. Бақылаушылар жастардың белсенділігін атап өтті. Сайлау учаскелеріне дауыс беруге қариялар да көптеп келді.
Сайлау учаскелерінде алғаш рет дауыс берген сайлаушылар мен туған күн иелеріне сыйлық таратылды. Ата-аналар балаларын ертіп келіп, бұл сайлаудың ел болашағы үшін қаншалықты маңызды екенін түсіндірді. Айта кету керек, ОСК мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасау мәселесіне де ерекше көңіл бөлді.