Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

09.01.2023 Оңтүстік- көне де, құнды жәдігерлерге бай өңір
0

Тарихы терең Шымкент қаласы мен Түркістан облысы құнды да, көне жәдігерлерге бай өңір. Мәселен, Шымкент қаласындағы ескі қалашықта орналасқан цитадельден археологтар тарихты айшықтайтын көптеген көне заттарды тапқан. Одан бөлек, жер көлемі 4 гектарды алып жатқан үйіндінің астынан ерте кездегі тұрғындардың үй орындарын анықтаған. 
Қазір цитадель ашық аспан астындағы мұражайға айналып келеді. 
Ал, Түркістан қаласындағы Күлтөбе –ежелгі бекіністі қоныс және археологиялық ескерткіш саналады. Бүгінде  Күлтөбе қалашығының орны археологиялық саябаққа айналып келеді. Қазба жұмыстарын жүргізген археологтар бұл жерден қыш құмыралар мен зергерлік бұйымдарды және орта ғасырға тиесілі құнды жәдігерлерді тапқан. Сондай-ақ, II-III ғасырға тән алтын әшекейлерді топырақ арасынан алып шыққан. 
Ал, облыс аумағындағы Созақ, Отырар, Бәйдібек, Сайрам топырағынан табылған бай мұралар бүгінде музейлерде сақтаулы тұр.