Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

15.02.2023 Астанада жаңа мешіт ашылды
0

Елорданың Нәрікбаев (5/1) көшесінде жаңа мешіт ашылды. Әл-Фаттах атауын алған жаңа мешітке 500 адам еркін сыйып, құлшылық ете алады. Оның жалпы алаңы - 713 шаршы метр. Мешітте намаз залынан бөлек, дәрісхана, имамдар бөлмесі, құран оқу және неке қию бөлмесі бар.  Одан бөлек, ерлер мен әйелдер бөлек дәретханамен қамтылған.
«Бұл мешіттің бір ерекшелігі - ерлер мен әйелдердің кіріп-шығуы мен құлшылық етуі үшін арнайы жағдай жасалған. Әйелдер бөлек жерден кіріп шығады. Әрине, әжетханасы да бөлек. Мешіт шамамен 30 сотық жерді алып жатыр. Аулада көліктерге арналған автотұрақтар қарастырылған. Жалпы жаңа мешіт өз орнын тапты деуге болады. Жамағат ашыла сала көптеп жиналып жатыр. Мешіт қызметкерлерінің штаты жасақталу үстінде, бұйрық әлі шыққан жоқ. Дегенмен қазір бір наиб имам мен ұстаз жұмысқа кірісті», - деді жаңа мешіттің бас имамы Бағдат Абдулкаримов. 
Айта кетсек, бүгінде Астанада 15 мешіт жұмыс істеп тұр.