19.03.2023
Қазақстандықтар Мәжіліс пен мәслихат депутаттары сайлауында дауыс берді
0
Қазақстандықтар бүгін Мәжіліс пен мәслихат депутаттары сайлауында дауыс берді. Орталық сайлау комиссиясының соңғы мәліметі бойынша, сағат 16:10-да тізімге енгізілген азаматтардың 51,98 пайызы сайлау бюллетендерін алған. Олардың арасында ерекше есте қалған азаматтар да бар. Мәселен жас жұбайлар бүгінгідей айтулы күнде өз таңдауларын жасады. Сондай-ақ қар барысы, диван батыры, тасбақа-ниндзя костюмінде келген сайлаушылар қазақстандықтардың есінде ерекше қалды.