Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

09.05.2023 Алматы тұрғындары Жеңіс күнін атап өтті
0

Алматыда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 78 жылдығы атап өтілді. Дәстүр бойынша негізгі іс-шаралар 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта өтті, онда қала әкімі Ерболат Досаевтың қатысуымен Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері, әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының өкілдері, қоғам қайраткерлері мен қала тұрғындары қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерді еске алу үшін бір минут үнсіздіктен кейін Даңқ мемориалына гүл шоқтарын қойды. Қала әкімі мерекелік түскі ас кезінде ардагерлерді мерекемен құттықтап, соғыс пен еңбек майданында қаһармандық танытқаны үшін алғысын білдіріп, оларға зор денсаулық, бақыт, амандық тіледі.