Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

28.04.2017 Қазақстан сахнасындағы алғашқы "Манон"
2419

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Манон» балеті – қазақстандық сахнада сирек кездесетін қонақ. Бұл хореографиялық жауһар Ковент-Гарденде (Лондон) дүниеге келген және қоюшы балетмейстер Кеннет Макмилланға сөзсіз зор танымалдылық әкелді. Манон әлемдік өнер тарихында жұмбаққа толы және әйгілі әйел бейнелерінің бірі. Бас кейіпкердің нені таңдайтынын – ақшаны ма, әлде махабатты ма, оны 28 және 29 сәуірде «Астана Опера» театрында біле аламыз.
Белгілі жазушы Антуан Франсуа Превоның «Кавалер де Грие мен Манон Лесконың бастан кешкендері»алғаш рет 1731 жылы жарияланған және осымен үш ғасырға жуық уақыт бойы суретшілерге, жазушыларға, режиссерлар мен композиторларға қызықты туындылар жасауға шабыт беріп келеді.
Аталған роман Кеннет Макмилланға үш актылы «Манон» балетін шығаруға негіз болды. Оқиға желісі фильм түсіріліп жатқандай киностудияда өрбиді және ондағы драма қарқынды түрде дамиды. Бір көргеннен ғашық болу, пәктік пен құмарлық, қашу, қатерлі қадам: сезім немесе молшылықта өмір сүру жолы. Бақыт, ажырап қалу, қайта қосылу, кек, тұтқындалу. Манон өзінің сүйіктісінің қолында көз жұмады.
«Астана Опера» театрындағы спектакльде қазақстандық және Корольдік балет труппасының дәстүрін сақтаушылар – британдық қоюшылардың бірлескен тобы жұмыс жасауда. Декорациялар мен костюмдер жөніндегі супервайзерлер барлық бұйымды түпнұсқадағыдай етіп әзірледі.
 
Фото: Ильзат Сафаргалиев