Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен 8 мамыр күні сағат 10:00-де Орталық қалалық зиратта 1941-1945 жылдардағы Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде алған жарақатынан қаза тапқан жауынгерлердің қабіріне гүл шоқтарын қою шарасы өтті.
Шараға ҰОС ардагерлері, қаза тапқан жауынгерлердің туған-туыстары, Астана қаласы маслихатының депутаттары, жергілікті атқарушы органның өкілдері (әкімдік), «Ардагерлер ұйымдары» ДҚБ елордалық филиалының басшылығы, дін өкілдері, «Жас ұлан» мектебінің оқушылары және т.б қатысты.
Фото: Виктор Федюнин