Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

26.03.2019 1 маусымнан бастап кімдердің жалақысы көтеріледі
1904

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлім етті


Оның айтуынша, аталған мақсатқа қосымша 37,8 млрд теңге бағыттау жоспарланған. Алушылар контингентінің аясы бұрынғыша 1,5 млн адам. Білім беруде - балабақша тәрбиешілері, олардың көмекшілері, колледж оқытушылары, мұғалімдер, әдіскерлер, психологтар. Денсаулық сақтауда - дәрігерлер, орта және кіші медқызметкерлер, медбикелер, санитарлар. Әлеуметтік сала, мәдениет пен спортта, ауыл шаруашылығында және басқа да салаларда - азаматтық қызметшілер. Жалақының өсуі әкімшілік-техникалық қызметкерлерге әсер етеді. Орта және төменгі деңгейдегі облыстық, аудандық және ауылдық деңгейдегі мемлекеттік қызметшілердің жалақысы өзгереді, дейді Әлихан Смайылов.
Видео: Ахмедин Жансерик