Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға жасаған алғашқы мемлекеттік сапарының видеосы Қазақстан Президентінің Instagram парақшасында жарияланды.
Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында мемлекет басшылары Қазақстан-Өзбекстан ынтымақтастығының өзекті мәселелерін, аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерді талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев келіссөздердің сәтті болғанын атап өтті.
Бұдан бұрын Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені Facebook парақшасында ежелгі Ташкент түсірілген қысқаша видео шолу жариялады.
Еске сала кетсек, 2019 жылдың 14-15 сәуірінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Өзбекстанға барды. Ташкентте Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесу өткізді.