Елордада XII Астана экономикалық форумы өз жұмысын бастады. Форум тақырыбы: «Ынталандырушы өсу: адамдар, қалалар, экономикалар»
Форум елордадағы Конгресс-орталығында өткен жалпы отырыста ашылды. Жиынға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. Форумға әлемнің 74 елінен сарапшылар, саясаткерлер, бизнесмендер мен ғалымдар жиналды. Тіркелген делегаттардың жалпы саны 5 мың 492 адамды құрады. Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, форумға Қазақстаннан және әлемнің 30 елінен келген 710 шетелдік БАҚ өкілдері қатысуда.
Видео: Ахмедин Жансерик