17 мамырда Қазақстан астанасында Түркі сауда-өнеркәсіп палатасының жарғысына қол қою рәсімі өтті.
Іс-шара осы күндері Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан Астана экономикалық форумы аясында ұйымдастырылды. Іс-шараға «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов, Әзербайжан кәсіпкерлерінің (жұмыс берушілерінің) Ұлттық конфедерациясының президенті Мамед Мұсаев, Қырғызстан Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Марат Шаршекеев және Түркия Сауда палаталары мен сауда биржалары одағының президенті Рифат Хисарджыклыоглы қатысты. Жаңа ұйым Түркі іскерлік кеңесінің орнын басады. Түркі сауда-өнеркәсіп палатасының басты міндеті – түркі тілдес елдер арасында экономикалық іс-қимылды дамыту.
Видео: Ахмедин Жансерик