Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

04.06.2019 Қазақстан мемлекеттік рәміздер күнін атап өтуде
1143

Мемлекеттік рәміздер халықтың тәуелсіздікке ұмтылуын, еліне деген мақтаныш сезімін көрсетеді.


Елтаңба авторлары - Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлиханов. Ту мен Елтаңба жобаларының жұмысына Нұрсұлтан Назарбаев белсенді қатысты. 2018 жылдың 1 қарашасында Елтаңбаға өзгеріс енді – ондағы «Қазақстан» сөзі латынмен жазылды. Қазіргі мемлекеттік әнұран 2006 жылы қабылданды. Таңдау ел арасында кеңінен танымал «Менің Қазақстаным» әніне түскен еді. 1956 жылы сазгер Шәмші Қалдаяқов пен Жұмекен Нәжімеденовтің шығармашылық тандемінен шыққан туындының бастапқы мәтінін Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев өңдеді. 2006 жылы 6 қаңтарда Қазақстан Парламенті Қазақстанның жаңа мемлекеттік гимнін бекітті. ҚР мемлекеттік туының авторы - суретшi Шәкен Ниязбеков. Мемлекеттік ту - көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Мемлекеттік ту 1992 жылы 4 маусымда Жоғарғы Кеңестің сессиясында бекітілді. 6 маусымда Мемлекет басшысының резиденциясы мен Жоғарғы Кеңес ғимаратының үстінде алғаш рет жоғары көтерілді.