Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

09.12.2019 Ирактан оралған сәбилердің қазіргі жағдайы белгілі болды
2706

ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша  Сыртқы істер министрлігінің бастамасымен ҚР Білім және ғылым, Денсаулық сақтау министрліктерінің, сонымен қатар өзге де ведомстволардың қолдауымен Ирактан қазақстандық балаларды алып келуге бағытталған «Русафа» деген атаумен арнайы операция жүргізілді.

 
Видео: Жансерик Ахмедин, Монтаж: Ильзат Сафаргалиев

Қарашаның 27-інен 28-іне қараған күні балалар Қазақстанға жеткізілді. Балалар Нұр-Сұлтан қаласының қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығында тұрып жатыр.
 
Осы жерге 14 бала жеткізілді. Олардың оны 1 жас он айдан 5 жасқа дейінгі сәбилер, екеуі 6 және 9 жаста, тағы екі бала 10 және 13 жаста. Барлық балалар аталған орталықта оңалтудан өтіп жатыр.
 
Олармен педагогтар, тәрбиешілер, медицина қызметкерлері күнделікті жұмыс істейді.
Бұл мекеменің қауіпсіздігін Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті қорғайды.
 
27 қаращада ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жүзеге асырылған гуманитарлық акция нәтижесінде Ирак түрмесінде өз аналарының жанында жатқан 14 қазақстандық бала қайтарылды.
 
Ирактан Қазақстанға балаларды қайтару жұмысы осы жылдың басындағы Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен іске асырылған «Жусан» гуманитарлық операциясының жалғасы болып отыр.