Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

18.02.2020 «Қорқыт» тобы Хан Шатырда дәстүрлі музыканың 75 туындысын орындады
3185

Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігі Мемлекеттік академиялық филармониясының «Қорқыт» дәстүрлі музыка тобы Қазақстанның Гиннес рекордтар кітабына 75 шығарманы орындап кіруді жоспарлап отыр.



Акция ұлттық өнерді насихаттау мақсатында және Алтын Орданың 750 жылдық мерейтойы қарсаңында өткізілді. Музыканттар «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығында өнер көрсетті. 

«Қорқыт» көркемдік жетекшісі мәдениет қайраткері Шолпан Қорғанбек осындай концерттің ақпараттық-энциклопедиялық анықтамалыққа лайық екендігіне сенімді: Қазақстанда алғаш рет музыканттар non-stop режимінде көп музыкалық шығарманы жатқа орындады. Сонымен қатар, басылымның өзі Қазақстанның тарихы мен мәдениеті туралы білімді келешек ұрпаққа беруге бағытталған.

«Қорқыт» тобына барлық қазақ халық аспабында (қобыз, кыл-қобыз, нарқобыз, домбыра, сырнай, мүйіз-сырнай, шаңқобыз, жетіген, шертер, дауылпаз, саз сырнай, бас-домбыра, сыбызғы, су ағаш, тоқылдақ және т.б.) ойнайтын пікірлес-музыканттар жиналған. Ұжымның әрбір әртісі бір емес, бірнеше аспапта ойнай алады. 

Топ репертуарының негізін қазақ фольклорының жанрларын – Шолпан Қорғанбектің авторлық өңдеуінен өткен күйлер, термелер мен жырлар  құрайды. Аранжировканың арқасында халық музыкасы жаңа күйге бөленді.
 
«Қорқыт» тобының барлық қатысушылары беделді республикалық және халықаралық музыкалық байқаулар мен фестивальдардың жеңімпаздары. Топтың ұжымдық шығармашылығы «Ғасырлар үні» ІІ аймақаралық фольклорлық-этнографиялық фестивалінде, ХХ Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінде, І республикалық «Көне Тараз күмбірі» этно-фольклорлық ансамбльдер байқауында аталып өтілді. Жақында ғана «Қорқыт» Катардың Доха қаласында өткен «Cultural Diversity» халықаралық фестиваліне қатысты.