Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

01.11.2016 ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Қазақстан халқы Ассамблеясының «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы
1425


Астанадан «Тәуелсіз Қазақстан» мерекелік пойызы сапарға шықты.
Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен 1 қарашада «Тәуелсіз Қазақстан!» деп аталатын пойыз сапарын бастайды. Бұл пойыз сапары Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналғандықтан, егемендік жылдарындағы ел  жетістіктерін, бастамаларын насихаттап, xалық рухын көтеруге негізделген. Екіншіден, халықтың «Мәңгілік Ел» идеясы төңірегінде жұмылдырылуына ықпал етіп, патриоттық идеяны насихаттау шаралары ескеріліп отыр. Ал үшінші бағытта медициналық, әлеуметтік, сонымен қатар құқықтық, ауыл шаруашылығы, білім беруді, бизнесті дамытуға қатысты халықты толғандырып жүрген мәселелер бойынша кеңес беру жұмыстары қамтылады.