Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

13.08.2020 ​Әлемдік БАҚ ҚазАқпаратты 100 жылдығымен құттықтады
815

«ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 2020 жылғы 13 тамызда 100 жылдығын атап өтуде.

ҚазАқпарат - OAНA Халықаралық ақпарат агенттіктері қауымдастығының (Тынық мұхиты және Азия елдері ақпарат агенттіктерінің ұйымы), ТМД елдеріндегі ұлттық ақпарат агенттіктері қауымдастығының (ҰААҚ), Түркі тілдес елдердегі ақпарат агенттіктері ұйымының (ТКА), ТҮРКІСОЙ халықаралық ұйымының, орыс баспасөзінің бүкіләлемдік қауымдастығының, Бүкіләлемдік газет қауымдастығының (WAN IFRA) мүшесі.



Қазіргі сәтте «ҚазАқпарат» - бұл халықаралық деңгейдегі мәртебесін алған Қазақстандағы бірінші, жетекші мемлекеттік ақпарат агенттігі. Ол 100 жыл бойы саясат, экономика, білім, денсаулық, спорт, мәдениет және қоғам тыныс-тіршілігі туралы сенімді әрі жедел ақпарат көзі ретінде беделін мүлтіксіз сақтап келеді.