Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

12.01.2021 Қазақстанның Тәуелсіздік күні аясында көпбалалы отбасыларға қолдау көрсетілді
583

Еліміздің Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Қазақстанның жауынгерлік өнер ассоциациясы көпбалалы отбасыларға қолдау көрсетіп, қайырымдылық шарасын өткізді. Спортшылар Нұр-Сұлтан, Алматы және Ақтау қалаларында 50-ден аса отбасы, бөбектер үйі мен балалар үйіне барып, жаңажылдық сыйлықтар табыстады. 


Видео: .instagram.com/sport_nursultan/

Елордадағы Грэпплинг, Джиу-джитсу және Белбеу күресі федерациялары жетекшілерінің айтуынша, мұндай бастама #BizBirgemiz және #Sporthalyqpenbirge акциялары аясында, сондай-ақ болашақта волонтерлікті дамыту және оларға қолдау көрсету,  жастар арасында өзара түсіністік мәдениетін қалыптастыру мақсатында өткізілген. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылды  Волонтер жылы деп жариялағаны белгілі, спортшылар биыл да волонтерлік белсенділікті жалғастыруға шақырды.