Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

01.03.2021 Елордада Бүкіләлемдік Азаматтық қорғаныс күні атап өтілді
750

1 наурызда Бүкіләлемдік Азаматтық қорғаныс күні атап өтіледі, ол биыл «Мықты Азаматтық қорғаныс ұлттық экономиканы сақтау үшін» ұранымен өтіп жатыр. 

Мерекеге орай Нұр-Сұлтан қаласының төтенше жағдайлар департаменті 1 наурыз күні департамент ғимаратында Бүкіләлемдік Азаматтық қорғаныс күніне арналған іс-шара ұйымдастырды. 



Салтанатты ашылу рәсімін ҚР Төтенше жағдайлар министрінің бірінші орынбасары, полковник Ибрагим Дәукесұлы Күлшімбаев, Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД бастығы азаматтық қорғау полковнигі Қуанар Бекенұлы Базарбаев өткізді. 

Іс-шара барлық санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормаларын сақтай отырып өткізілді. 

Техника көрмесі және көрсетілімі, құтқару жабдықтары мен техникасын көрсету, «Азаматтық қорғаныс саласындағы үздік сурет», «Азаматтық қорғаныс саласындағы үздік өлең», «Азаматтық қорғаныс саласындағы үздік мектеп», «Үздік бейнеролик», сондай-ақ «Бүкіләлемдік Азаматтық қорғаныс күнін өткізуге белсенді қатысқаны үшін» марапаттарымен ұйымдардың, мектептердің, балабақшалардың және басқа мекемелердің басшылары марапатталды.
Қазақстандықтар жыл сайын 1 наурызда Бүкіләлемдік Азаматтық қорғаныс күнін атап өтеді. 1990 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымының (ХАҚҰ) ІХ сессиясында Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күнін жыл сайын наурыздың 1-інде атап өту туралы шешім шығарылды. 1972 жылы дәл осы күні ХАҚҰ үкіметаралық ұйым мәртебесіне ие болған. Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні азаматтық қорғау мен қорғаныс ұлттық қызметтері атқаратын маңызды мақсаттарына қоғам назарын аудару үшін аталып өтеді.

Пресс-служба ДЧС г. Нур-Султан
Видео: Ильзат Сафаргалиев, Казинформ