Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

27.06.2022 Сенатының жалпы отырысы| 28.06.202
252

2022 жылғы 28 маусымда, сейсенбі күні сағат 10:00-де ҚР Парламенті Сенатының отырысы болады. Күн тәртібіне төмендегі мәселе енгізілді:
 


1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы қызметіне сайлау туралы.
2. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Сенат тағайындаған мүшесінің өкілеттігін тоқтату және оны лауазымнан босату туралы.
3-4. Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мақұлдаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл, сондай-ақ мемлекеттік баға реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы (бірінші оқылым).
Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мақұлдаған «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы (бірінші оқылым).
5-6. Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мақұлдаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржылық (инвестициялық) пирамидалардың қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы (бірінші оқылым).
Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мақұлдаған «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне қаржылық (инвестициялық) пирамидалардың қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы (бірінші оқылым).
7. Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мақұлдаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды, ақпараттық қауіпсіздікті дамыту және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы (бірінші оқылым).