Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

16.12.2018 Kazakhstan: Wise Power
1861


Wise Power — даналық қуаты. Бұл – Қазақстанның және оның көшбасшысы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұстанған саясатына берілген анықтама.  
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап-ақ Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығындағы Қазақстан тату көршілік және өзара тиімді ынтымақтастықтың жаңа әлемдік трендтерін жасай отырып, бейбіт даму жолын таңдады.
Қазақстанның бүгінгі жаһандық имиджі бейбіт бастамаларға әрқашан қолдау білдіріп, жан-жақты көмек көрсетуге дайын ел ретінде қалыптасты. Ал Президент Назарбаев ұлтаралық келісімнің бірегей жүйесін жасап, жаһандық саясаттағы дипломатияның кемел, жаңа форматын жүзеге асырып келеді. Бұған қоғамдық сананы жаңғыртудың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жатқызуға болады, өйткені бәсекеге қабілетті Қазақстан халқы күллі әлемге өзінің кемелдігі мен даналығын көрсетіп отыр.