Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

30.06.2023 Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде Президент қандай мәселелер көтерді
1

АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде қандай мәселелер көтерілді? Бұл жайында ҚазАқпарат Ақордаға сілтемемен хабарлайды.

Жиынға Президент Әкімшілігі мен мемлекеттік органдардың басшылары, ІІМ Алқасының мүшелері және орталық аппараттың басшылық құрамы, өңірлік полиция департаменттерінің, аумақтық қылмыстық атқару жүйесі департаменттерінің басшылары қатысты.



Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігі мемлекеттік басқару жүйесінде айрықша рөл атқаратын құрылым екенін атап өтіп, қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыспен күресу аса маңызды міндет саналатынын айтты.