Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

30.01.2019 Жастар арасында көркем гимнастикадан Қазақстан чемпионаты өтті
3770

Астанада 30 қаңтар-1 ақпан аралығында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің ұйымдастыруымен жастар арасында көркем гимнастикадан ел чемпионатын өтті.
Оған 15 облыстан және Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 2003 және 2004-2006 жылдары туған спортшылар, барлығы 250-ден астам адам  қатысты.
Чемпионатта алты медаль топтамасы сарапқа салынды. Жеке бағдарламада 106 қатысушы командалық жарыста және көпсайыста өзара күш сынасты. 
Топтық жаттығуларда 30 команда көпсайыс бағдарламасында өнер көрсетті. 
Жеке бағдарламада ерекше көзге түскендерден VIII жазғы Азия ойындарында командалық жарыс чемпиондары атанған астаналық Адиля Тілекенова мен шымкенттік Даяна Әбдірбекованы ерекше атап көрсеткен жөн. Топтық жарыстарда Қазақстанның ұлттық құрама командасы да өнерін көрсетті.
ҚР чемпионатының бас төрешісі - «Қазақстан гимнастика федерациясы» ҚБ Техникалық комитетінің президенті, халықаралық санаттағы төреші Наталия Мелкумова.