Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

31.10.2020 Түркияның батысында 6,6 балдық жер сілкінісі болды.
847

Түркияның батысында жұма күні магнитудасы 6,6 балдық жер сілкінісі болды. Түркия үкіметі жанындағы Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою басқармасының (AFAD) хабарлауынша, жерасты дүмпуі жергілікті уақытпен 14.51-де, Измир провинциясы Сеферхисар ауданындағы Эгей теңізінің жағалауында тіркелген. Зілзала ошағы - 16,5 шақырым тереңдікте. Жер сілкінісі 15 секундқа созылып, Түркияның батысындағы көптеген провинцияда сезілген. Түркия ІІМ хабарлауынша, зілзала салдарынан Измир қаласының Борнова және Байраклы аудандарында алты тұрғын үй қираған.
Жер сілкінісі құрбандарының саны 25-ке жетті, Түркияның батысындағы 804 тұрғын зардап шекті.
Фото: Anadolu Agency, www.limkhub.com