Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

05.08.2021 Елордада жүк тасымалы қалай жүзеге асырылады
653

Нұр-Сұлтан қаласындағы көлік-логистикалық орталығы 2015 жылы құрылды. Қазіргі уақытта орталық терминалы жылына 250 мың тонна жүк қабылдап, тасымалдайды. Яғни айына 350-400 вагон жүк қабылдайды. Сол секілді бұл логистикалық орталық бір мезетте 2 мың контейнер жүкті қабылдап, одан әрі жөнелте алады. Тағы бір артықшылық жүк қабылдау және тасымалдау терминалы Сороковая стансасында орналасқан, жүк тасымалы үшін бұл өте ыңғайлы. Пандемия басталғанда орталық жұмысы тоқтамаған, тасымалдайтын және жеткізетін заттар қатарына негізінен азық-түлік пен тұрмыстық заттар жатады. Сырттан тауарлар көбіне Қытай мен Еуропа елдерінен келеді. Бұл жерде 150 адам 24/7 режімінде жұмыс істейді. Көлік-логистикалық орталыққа келетін тауарлардың 80 пайызы елордада қалады, қалған 20 пайызы өңірлерге жөнелтіледі. Бұл жерде 250 жүк контейнері бар, олар әртүрлі тауарларды жүктеу мен сақтауға арналған. Елордадағы көлік-логистикалық орталықтың клиенттерінің ішінде мемлекеттік органдар, жеке компаниялар, сауда, құрылыс және медициналық ұйымдар бар.