Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

22.09.2021 Нұр-Сұлтанда «Қазақстанның өңдеу өнеркәсібі апталығы» халықаралық көрмесі ашылды
316

Жалпы 10 000 шаршы метр көрме алаңында Қазақстан Республикасы мен таяу шетелдердің индустриялық дамуы саласындағы жетістіктері ұсынылған. Қазақстан, Ресей, АҚШ, Жапония, Ұлыбритания, Швеция, Швейцария, Қытай, Дания, Беларусь, Польша, Чехия, Германияның 200-ден астам компаниялары машина жасау, тау-кен металлургия кешені, химия өнеркәсібі, ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсібі, құрылыс материалдары өндірісі және су индустриясы салаларындағы жаңа өнімдерін ұсынып отыр.