Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

23.09.2021 Алматыда керлинг спорты бойынша кубок басталды
1200

Тұңғыш Президент атындағы Әлем кубогы Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитеті және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өтіп жатыр.
Кубокты Қазақстанның  керлинг, едендік керлинг және петанка федерациясы Халықаралық керлинг федерациясымен бірлесіп өткізуде. Керлинг бойынша мұндай деңгейдегі жарыс Қазақстанда еліміздегі керлинг дамуының 20 жылында алғашқы рет ұйымдастырылып отыр. Әлем кубогы халықаралық спорттық шаралардың күнтізбесіне енді, ведомствоаралық комиссияның келісімін алды. Шара еліміздің үздік мұз сарайларының бірі – Almaty Arena-да өтіп жатыр. 12 команда қатысады деп жоспарлануда, сонымен қатар басшылық пен Халықаралық керлинг федерациясы делегациясы шараға келеді.