Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

04.10.2021 Елордада көшпенділер өмірінен сыр шертетін графикалық көрме ашылды
833

Нұр-Сұлтан қаласында қазақстандық суретші, графика шебері Батухан Байменнің «NOMAD. BLACK & WHITE» атты авторлық көрмесі ашылды. Биыл қалада екінші жеке көрмем өтіп отыр. Алғашқысы көктемде өтті. Бұл жолғы көрме графика оның ішінде линогравюраға арналып отыр. Аталған өнер түрі елімізде даму жағынан кенже қалған десем де болады. Оның себебі - линогравюра ұзақ уақыт пен қажырлы еңбекті қажет етеді. Сондай-ақ, шыдамдылық пен кревтив керек. Графиканың осы түрінің мүмкіндіктерін көрсету және оны көпшілікке насихаттау мақсатында бүгінгі көрмені ұйымдастырып отыр. Көрмеге 50 шақты графикалық туынды қойылған. Сол сияқты автор бұған дейін Ташкент, Бішкек, Кипр, Ыстанбұл жән Берлин қаласында 11 рет жеке көрмесін өткізген.