Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

11.10.2021 Нұр-Сұлтанда талантты жастар «Елбасы медалімен» марапатталды
618

Астанада жастар бағдарламасына қатысушыларға «Елбасы медальдары» табыс етілді. Наградалар Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола облысының қола және күміс деңгейдегі 27 қатысушысына табысталды.
«Елбасы медалі» бағдарламасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының «El Úmiti» бастамасы аясында жүзеге асырылуда. Бұл – жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі жалғыз бағдарлама. Бағдарламаға еліміздің 14 пен 29 жас аралығындағы жастары қатыса алады.