11.10.2021
Бибігүл Төлегенованың ХІ халықаралық вокалистер байқауының жеңімпаздары анықталды
564
Кеше «Астана Опера» опера және балет театрында Бибігүл Төлегенованың ХІ халықаралық вокалистер байқауының қорытындысын жария етуге арналған ауқымды кеш өтті.
Қазақтың бұлбұл әншісі Бибігүл Төлегенованың ән байқауының жеңімпаздары әдемі гүл шоқтарымен марапатталды. Белгілі опера әншісі, байқаудың қазылар алқасының төрайымы Бибігүл Төлегенова да сахнада өнерсүйер қауымды тәнті етті. Айта кетейік, биыл бас жүлде Қазақстанда қалды. Байқауда 24 жастағы Дінмұхамед Көшкінбаев топ жарып, талантты вокалистер арасынан жеңіп шықты.