Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

13.10.2021 «Translogistica Kazakhstan 2021» халықаралық көрмесі мен «Көлік және логистика нарығы» конференциясы басталды
614

Іс-шара Алматыда гибридті форматта өтуде. Оны Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қолдауымен «ITECA» қазақстандық көрме компаниясы, Атакент-Экспо ұйымдастырды. Ұйымдастырушылардың  айтуынша, 1996 жылы алғаш реет өткізілген сәттен бастап  TransLogistica Kazakhstan жобасы Орталық Азиядағы көлік, логистика, машина жасау және басқа да сабақтас салаларда жұмыс істейтін кәсіпқойлар үшін ірі оқиғаға айналған. Дәстүрлі түрде көрмеге Латвия мен Эстонияның ұлттық стендтері қойылады, онда компания өкілдері өз қызметтерін, Қазақстанның әлеуетті серіктестеріне арналған жаңа жабдықтар мен инновациялық технологияларды көрсетеді.