Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

28.10.2021 Елордада қауіпсіздік мәселесі бойынша Kazakhstan Security Systems халықаралық көрме-конференциясы өтті
1809

Нұр-Сұлтанда қауіпсіздік мәселесі бойынша Kazakhstan Security Systems халықаралық көрме-конференциясы өтті. Көрмеге келушілер дәстүрлі түрде нарықтағы жағдай, саладағы беталыстар, оның дамуындағы болашағы зор бағыттар, сала көшбасшылары, ғылыми-техникалық және сарапшылар қауымдастығы, мемлекеттік билік органдарынан күрделі проблемаларды шешу жолындағы ең жаңа әдістер жайлы толық ақпарат алды. Kazakhstan Security Systems –қауіпсіздік саласындағы заманауи әдістер, технологияларды ұсынатын, қауіпсіздік құралдары мамандары мен тұтынушылар, қауымдастық өкілдері мен мемлекеттік биліктің кең аудиториясын біріктіретін іскерлік алаң.