Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

28.10.2021 Атырауда «Ұлық ұлыс – Алтын Орда» конференциясы өтті
1556

Атырау қаласында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойын мерекелеу аясында «Ұлық ұлыс – Алтын Орда» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. Оған отандық, Еуропа, Америка, Ресей, Жапония, Түркия, Украинаның 30-ға жуық ғылыми зерттеушілері қатысуда. Конференция жұмысы төрт секцияға бөлінген пленарлық отырыстардан басталды. Қатысушылар Сарайшық қаласының Алтын орда қалалары арасындағы алатын орны, ортағасырлық Қышқаладағы археологиялық қазбалар, Алтын орда дәуірінің фольклоры: мемлекеттілік және ерлік рухы, т.б көптеген мәселелерді ортаға салады. Шара қатысушылары үшін Сарайшық және Ақтөбе-Лаэти қалашықтарының қазба жұмыстары кезінде табылған жәдігерлер көрмесі ұйымдастырылады. Көрмеде 1909 жылы Сарайшық қаласынан табылған Жүсіп Баласұғұн поэмасының үзіндісі жазылған сауыт, сүйек және күміс әшекейлері ұсынылған.