Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

23.02.2022 EXPO 2020 дүниежүзілік көрмесі қалай өтіп жатыр - Дубайдан фоторепортаж
629

Дүниежүзілік ЭКСПО-2020 көрмесі Дубайда өз жұмысын жалғастыруда.
2021 жылғы 1 қазанда ашылған көрме туристер мен қонақтар үшін алты ай бойы жұмыс істейді. Бүгінде ЭКСПО қонақтары бетперде тағу, қашықтықты сақтау, дезинфекциялау құралдарын қолдану сияқты барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтауы керек.

ҚазАқпарат тілшілері Дубайдағы үлкен көрмеге арнайы барып, оның қалай өтіп жатқанын көзбен көріп, фотосуретке түсіріп қайтты. 
  • Дүниежүзілік көрмеге 192 мемлекет қатысуда. Әр елдің өз павильоны бар. Қазіргі ЭКСПО көрмесінің тақырыбы «Ақыл-ойды біріктіру, болашақты құру». Ол үш шағын тақырыптан тұрады: «Мүмкіндіктер» - адам әлеуетін дамыту, жеке өсу, инновацияларды дамыту және жұмыспен қамту;
  • «Мобильділік» – физикалық мобильділік, ақпараттық технологияларды тарату, тауарлар мен ресурстарды таратуға қол жеткізу;
  • «Тұрақтылық» – экожүйенің қолайлы өмір салтына, табиғи ресурстарды ұтымды тұтынуға әсері.