Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

25.02.2022 Дубайдағы EXPO 2020 көрмесінде БАӘ павильоны несімен таңғалдырды
481

Дубайдағы EXPO 2020 көрмесінде БАӘ павильоны несімен таңғалдырды
 
Дубайда өтіп жатқан Дүниежүзілік ЭКСПО 2020 көрмесінің алаңында ең үлкен нысан, әрине, көрмені қабылдаушы ел - Біріккен Араб Әмірліктерінің павильоны. Бұл нысан ЭКСПО-ға келген қонақтарды қызықтыратын орынға айналды.

БАӘ павильоны – Expo 2020 Дубай алаңында 15 064 шаршы метр аумақты алып жатқан ең үлкен үш қабатты нысан. Оның биіктігі – 27,8 метр, – деді Дубайдағы Expo 2020 көрмесі баспасөз қызметінің өкілдері.

БАӘ павильонының авторы - әлемдегі үздік бес сәулетшінің бірі саналатын испан-швейцариялық сәулетші Сантьяго Калатрава. Нысан Біріккен Араб Әмірліктерінің ұлттық символы - сұңқардың қанаттарына ұқсайды.