Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

14.03.2022 Алматыда бәйшешек гүлдеп жатыр
917

Алматы маңы мен тау бөктерінде бәйшешек гүлдеп жатыр. Бәйшешектің латынша атауы «галантус». Ол гректің «гала» – сүт және «антус» – гүл деген сөзінен шыққан, яғни қазақша сүт тамшысы деген мағына береді. Бәйшешектің аппақ қауызы шын мәнінде де, қатып қалған сүт тамшысына ұқсайды. Бәйшешектің көктемде шығатынына қарамастан, ол 10 градус аязға да төзе алады. Оған мұндай аязға төтеп беруіне негізі сабағындағы жұқа түктерден тұратын өзіне тән қабығы көмектеседі. Табиғатта бәйшешектің 18-20 түрі бар. Қазақстанның қызыл кітабына енгізілген бәйшешек, оны Алатау жауқазыны деп те атайды. Қазақстан ұлттық энциклопедиясының 2-ші томындағы мәліметке сәйкес, бәйшешек - құртқашаштар тұқымдасына жататын көп жылдық тамыр түйнекті өсімдік. Қазақстанда Іле, Жетісу (Жоңғар), Күнгей Алатауларында, Кетпен жотасында, Қаратауда өседі. Бәйшешектің Алатау бәйшешегі және Корольков бәйшешегі деген түрлері бар. Биіктігі - 10-30 см. Тамыр түйнектері ұзынша немесе шар тәрізді домалақ болады. Шоғырланып біткен таспа жапырақтарының саны 6-9, ұзындығы - 10-12 см. Бұл гүлдерді жұлуға болмайды.